Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдықтар көп балалы отбасына асарлатып баспана салып берді

0 266

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы Байзақ ауданының бірқатар ауылдық округтерінде жалғасуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Көкбастау ауылында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы Әліпбековтер отбасы баспана қуанышына бөленді,-деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. 

Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтің айтуынша, «Асарлатып үй салу» жобасының мәні мен мазмұнына айрықша. Өйткені, игі істің ел ішінде қайта жанданып, мұқтаж кісілерге, жетім мен жесірге, аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға шарапаты тие бастағаны – елдігіміздің үлкен сипаты. 

– Ел-жұртты бірлік пен ынтымаққа ұйыстырып, жарасымды татулықты паш ететін, мұқтаж жандарды үймен қамтуды көздеген қайырымдылық шарасы биыл да жемісін беріп отыр. Үстіміздегі жылы аудан бойынша 18 ауылдық округте жағдайы төмен отбасыларға баспана салып беру қолға алынған еді. Жыл басынан бері Аймантөбе және Кеңес ауылдарында қамқорлықты қажет ететін отбасыларға жаңа баспана тарту етілді. Міне, бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Көкбастау ауылында тұрғындар мен жастар, еріктілер мен демеушілердің қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасымен баспаналы болып отырған Әліпбековтер әулетін қуанышымен құттықтаймын, – деді Дәуір Рысбайұлы.

Көкбастау ауылы ардагерлер алқасының төрағасы Әбдібек Байділдаев ауылдың әлеуметтік жағдайына жанашырлық танытып, қиналғанға қамқор болған кейінгі буынның бұл ісі көпке үлгі боларын айтса, жаңа тұрғын үйдің иесі Нұржан Әліпбеков пен ағасы Сәрсен Әліпбеков те ауызбіршілік арқасында бой көтерген игі іске атсалысқан барша ауыл азаматтары мен ауыл, аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді. 

Жалпы Байзақ ауданында аталған жоба бойынша биыл 18 ауылдық округта үй салынады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 4 ауылда яғни, Кеңес, Аймантөбе, Сарыкемер, Көкбастау ауылдарында жоба жүзеге асқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.