Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Түрленген Тараз» сіздің объективіңізде

0 252

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түрленген Тараз» тақырыбында республикалық фото-видео және мобилография шеберлерінің байқауы өтуде. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында кеңінен баяндалды.

Жиында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова байқау шарттары мен ережелерін жан-жақты түсіндірді.
– Сайыстың мақсаты – 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео өнері арқылы барынша насихаттап, жаңарып, жасарған шаһарды көпшілік арасында жаңа бейнеде көрсету. Осы арқылы кәсіби мамандарды анықтап, еңбектерін халық арасында кеңінен насихаттамақпыз. Іс-шараға республика көлеміндегі әртүрлі деңгейдегі кәсіби фотографтар мен дронға түсірушілер, мобилография мамандары қатыса алады. «Үздік фотограф», «Үздік дрон түсіруші», «Үздік мобилограф» аталымдары бойынша өтетін байқау қатысушыларының жасына шектеу қойылмайды. Үміткерлер өз туындыларын 20 қазан, сағат 00:00-ге дейін тапсырулары тиіс. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйақылармен марапатталатын болады, – деді Ұлана Сламбекқызы.
Келесі кезекте облыстық «AR-AI» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай, «National Geographic Kazakhstan» журналының фототілшісі Мақсат Шағырбаев және «Жетісу» телеарнасының фототілшісі Жеңіс Ысқабай сөз алып, аталған байқаудың ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, көне шаһардың келбетін айшықтайтын әдемі фотосуреттерді түсіруге күш салатындарын жеткізді.
Үздік атанған туындылар арнайы ұйымдастырылатын фотокөрмеде көпшілік назарына ұсынылмақ.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.