Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еткен еңбегіміз – ел есінде  

0 306

Тараз қаласының  экономикасын өрістетуде еңбек адамдарының сіңірген еңбегі ерен. Міне, сондай жанның бірі – «Тараз Ісмер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері Жеңіс Дүйсембаев.

– 34 жылдық өмірімді  «Тараз Ісмер»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері қызметіне арнадым.  Өскелең ұрпаққа өз тарапымнан білген- түйгенімді үйретіп, шәкірт те тәрбиелеудемін.  Тотыдай таранған Тараз қаласының тұрғындарына шаһардың  көркеюіне атсалысуына, өз үлесін қосуына шақырамын. Қала құрылысы мен  жеке сектордағы әріптестерімнің еңбектеріне тек жеміс тілеймін.  Әр  жоба  алға басып, ел иігілігі  үшін беріле берсін. Бұл бағытта біз – еңбек адамдары еш аянып қалмаймыз. Өз кезегінде билік тарапынан бізге бөлініп жатқан көңіл мен қолдау  аз емес. Осындай бірлесе атқарған жұмысымыз әрдайым берекелі болсын!, – дейді  Жеңіс Дүйсембаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.