Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – ұстаз міндеті

0 286

Ұстаздың орны әркез ұлық. Бүгінбе бұл өмірдің айнымас қағидаты. Өйткені кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп жатқан ұстаздардың еңбегінде  баянды болашағымыз жатыр. Міне, сондай білікті ұстаздың бірі  – Жамбыл атындағы  №5 мектеп- гимназияның мұғалімі Сандуғаш Нұртаева.

–  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, білім саласында еңбек еткеніме 16 жыл  болды.

Жамбыл атындағы  №5 мектеп- гимназиясында химия пәнінен сабақ беремін. Алдағы уақытта да білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында  шын ықыласыммен күш-жігерімді  жұмсап,  Тараздың сауатты ұландарын жетілдіру мақсатында бар күшімді  саламын. Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін саналы да, тәрбиелі ұрпақ  дамыту әр ұстаздың міндеті.

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан  ұстаздар қауымына үлкен қолдау көрсетілуде.  Президент Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Жарлығымен  ұстаздардың жалақысы айтарлықтай жоғарылады. Қағазбастылық азайып,  мұғалім мен оқушы арасында байланысты күшейту үшін сабақтан тыс уақыт та көбейді.  Мұғалімнің жеке шығармашылық пен ізденісіне жағдай жасалды. Осы орайда барша Тараз қаласының тұрғындарын  жыл сайын тойланатын сүйікті қаламыздың күнімен құттықтаймын. Көне Тараз 2000 жылдық тарихы бар қазыналы шаһар.  Тамыры тереңге жайылған көне ескерткіштерге де  бай.  Тараздың атын шығарып, көк туымызды көкке көтеретін жас ұрпақтың білім деңгейін тереңдету менің ұстаздық мақсатым. Бұл әрбір ұстаздың жүрек төріндегі арманы деп білем. Көркейе бер, көне шаһар!, – дейді Сандуғаш Нұртаева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.