Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бейқұт Жамангозов облыстың бас ұстазы болып тағайындалды

0 1  188

Бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келген  Бейқұт Жамангозов білім басқармасына басшы болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz».

Бейқұт Жамангозов 1969 жылдың 6 наурызында Қордай ауданының Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1988 жылы  Шымкент автомеханикалық техникумын  «Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу ісі», 1998 жылы  М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру мәдениеті және еңбек пәнінің мұғалімі»,  2003  жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

30.08.1990 — 29.08.1995 жылдары Шарбақты ауылы №36 Сауранбаев орталау мектебінде мұғалім, 29.08.1995 — 17.02.2003 жылдары аталған мектепте директор болып қызмет атқарған. 17.02.2003 — 29.08.2008 жылдар аралығында Қордай ауданы білім бөлімі басшының орынбасары, 29.08.2008 — 16.08.2010 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. 16.09.2010 — 29.08.2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, 29.08.2012 — 20.09.2012 аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген. 20.09.2012 жылдан 02.03.2021-ге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары болса, биылдың 02 наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасын басқарып келген еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.