Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарты бар елдің қазынасы бар

0 325

Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, ізгі тілегін жеткізді,-деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі.

– Қариялар қашанда татулықтың тірегі, ынтымақтың жүрегі болған. Олардың өнегелі ғұмыр жолы өскелең ұрпаққа таусылмас тағылым. Облысымыздың ардагерлері де қоғамдық-саяси өмірден тыс қалып көрген емес. Қай кезде де баршамызды бейбітшілікке үндеп, ізгілікке шақырып жүреді. Бұл үшін оларға алғыстан өзге айтарым жоқ. Барлығыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!, – деген Бердібек Машбекұлы облысымыздың дамуына айрықша үлес қосып жүрген бір топ ардагерге облыс әкімінің Құрмет Грамотасын табыстады. Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жүрекжарды лебізін жолдап, кеңестің бірқатар мүшесін арнайы Грамоталармен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.
Шара соңы мерекеге орай әзірленген концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.