Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Jambyl» арнасында жаңа маусым

0 478

  Отыз жылдан астам уақыт бойы көрерменге толымды хабар таратып, көзайымына айналған «Jambyl» арнасы жылдағы дәстүр бойынша жаңа маусымын бастады. Аймақ айнасының ұжымы биыл жеті тележобаның тұсауын кесіп отыр,–деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі.    

Жаңа маусымның ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, журналистика саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер қатысты. Сонымен биыл ел егемендігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» бағдарламасы, өңірдің дамуына сан салада үлес қосып жүрген жастар туралы  «Төл құрдас» жобасы, «Шевели извилинами» интелектуалды бағдарламасы көрерменге жол тарпақ. Сондай-ақ  журналист Жалғас Саңғыл жүргізетін «Билік бейнесі», Мөлдір Анарбаеваның «Ошағың сөнбесін» хабарымен қатар өнер майталмандарын шақыратын «алтыншы күннің кешінде» жобасы және ауылдың ахуалын ашық көрсетуге тырысатын «Әкім. Уәде мен Үде» бағдарламасы да бар. Маусымның ашылуында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев телеарнаның жеткен жетістігіне тоқталып, ұжымға табыс тіледі.

–БАҚ құралдары билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір деген сөз бекер айтылмаған. Себебі тұрғындар қоғамдағы жаңалықтарды сіздер арқылы біліп отырады. Тиісінше біз де сіздер арқылы облыстағы мәселерден хабардар болып, тезірек шешу жолдарын қарастырамыз. «Jambyl» арнасының өркендеуіне аға буынның қосқан үлесі зор. Отыз жылдық тарихы бар арна көрермендерін тағы да жаңа бағдарламалармен қуантып отыр. Биыл ҚР Үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлерінің күні деп бекітілді. Жаңа технологиялар пайда болып, заман ілгерілесе де Радионың орны бөлек деп білеміз. Телерадио ұжымына табыс тілеймін,–деді Бердібек Машбекұлы. Аймақ басшысы айтулы күнге орай «Jambyl» радиосының қазынында қайнаған Бақытжан Советұлы, Нұрқуат Рысдәулет, Лаура Әбдіқадірқызы сынды өз ісінің майталмандарын Алғыс хатпен марапаттады.

 

Сонымен қатар жаңа маусымының ашылуында журналистика саласының ардагері, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан мен ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы телеарнаның өткені мен бүгіні жайында ой қозғады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.