Алматыда Наурызбай ауданында баласын балабақшаға апарған ер адам мекеменің күзетшісін тапаншамен қорқытып, аумаққа кірмек болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде азаматтың тапаншамен қорқытып, «Елисей даласы» коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабақшасының аумағына өтуге тырысып жатқаны туралы видео таралды.
Ер адамның ерсі қылығын көрген мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі нұсқамамен жұмыс істеп, полиция нарядын шақыртқан.
Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.
«Бұл жағдайды Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркеді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Газ тапаншасы екені анықталды, рұқсаты бар», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Тексеріс аяқталған соң тиісті шара қолданылады.