Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теміржолдан өтерде абай болыңыз!

0 598

   Тоқтаңыз! басып кету қаупі бар!
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет өткеру аумағында жаңа оқу жылының басталуына байланысты ағымдағы жылғы қыркүйек айында «Абайлаңыз поезд» және «Мүлдем төзбеушілік» тақырыбында профилактикалық іс-шарасасы өткізілуде. Тараз СТ.ЖПБ-нің қызмет көрсету аумағында және темір жолға жақын орналасқан үйлер мен орта мектептерде оқушылар мен халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — темір жол көлігі аймақтарында кәмелетке толмағандардың жарақат алып, келеңсіз оқиғаларға тап болу фактілерінің және кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Айта кетсек ағымдағы жылдың есептік мерзімі ішінде елімізде балардың темір жол жарақаттарына ұшыраған фактілері көптеп тіркелуде. Аталған оқиғалар кәмелетке толмағандардың темір жолдан белгіленбеген жерлерден өту немесе темір жолға жақын маңда ойнау барысында болуда.

Балалардың бос уақыттарын дұрыс пайдаланып, қайда барып ойнайтындары, қайда жүргендері ата-аналары жағынан бақылаудың жоқтығын және ата-аналарының немесе олардың орнындағы ересек адамдардың кәмелетке толмаған балаларын оқытумен тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамауларын көрсетеді. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша қажетті іс-шаралар жасалуда, осы негізде Тараз ст. ЖПБ-нің қызметкерлерімен жолаушылар, қала аралық пойыздарда балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және де демалыс кезінде балалардың жарақат алуына жол бермеуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар болып табылады. Тараз ст.ЖПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.Дүйсембаев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.