Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Жамбылда 50 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

0 371
Биыл бюджет есебінен 1 402 пәтерлі 30 арендалық және 1 500 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде, 2 902 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов айтты. Спикер бұл бастама «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған облыстық Жол картасында бекітілгенін айтып, ол жайлы кеңінен тоқталып өтті.
Партияның облыстық Жол картасы әзірленіп, бекітілген. Мұндай Жол картасы аймақтың 10 ауданында және Тараз қаласында да бекітілді. Сайлауалды бағдарлама – партияның басты құжаты. Себебі, құжат – тұрғындардың ұсыныс-өтініштері мен аманаттары негізінде қалыптастырылған.
«Жалпы Жол картасына 7 бағыт бойынша 1 073 іс-шара мен көрсеткіштер енген. Өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларға ағымдағы жылдың 8 айында жүргізілген талдау нәтижесінде, 1 073 іс-шараның 257-сі, яғни 25% орындалғаны анықталды. 640-ы орындалу сатысында және 165-і орындау мерзімі әлі келмеген», – деді Д.Бейсенқұлов.
Жол картасының агроөнеркәсіп саласы бойынша алда атқарылатын жұмысы ауқымды. Мәселен, жыл соңына дейін 3,7 мың га алқап қалпына келтіріліп, жалпы суармалы алқап көлемі 179,9 мың га дейін жеткізілетін болады.
Өнеркәсіп саласында өңірде айтарлықтай өзгерістер болады. Айталық, жыл соңына дейін 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олар «Prosulfite» ЖШС «Натрий метабисульфитін өндіру» зауытының құрылысы, құны 1,2 млрд ₸. Екіншісі «Future Nano Technology» ЖШС «Лак-бояу өнімдерін өндіру» жобасының құрылысы, құны 700 млн.теңге.
Туризм саласында тындырымды істің тиегі ағытылмақ. Яғни, 2022 жылға дейін «Қаралма» тау шаңғысы курортының екінші кезеңінің құрылысын пысықтау, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру. Әзірге нысан жобасы 80%-ға орындалды.
Құрылыс саласы да қарқынды дамуда. Бүгінде облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 33 142 адам тіркелген. Үй кезегінде тұрған адамдарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ауданы 313,8 мың м2, бұл дегеніміз 4 482 пәтерлі 76 көпқабатты үй салынады деген сөз. Оның ішінде 39 – жалға берілетін, 37 – кредиттік.
Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына 21,9 млрд. теңге бөлінді. Oның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында – 20,4 млрд. теңге (74 үй), «Жұмыспен қамту» – 1,5 млрд. теңге (2 үй).
«Жыл басынан 15 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 860 пәтер (Тараз қаласы 15 шағын ауданында 9 кредиттік (680 пәтер), 3 жалдамалы (135 пәтер) үй және «Байтерек» шағын ауданы 3 жалдамалы (45 пәтер) үй берілді», – деді спикер.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.