Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еріктілер ерлік танытуда

0 376

Бүгінде облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 6 000-нан аса ерікті бар база жасақталып, 13 ұйым жұмыс жасауда. Одан бөлек, облыс аумағындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық жастар ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлік топ құрылған.

Арайлым ШАБДЕНОВА

Төтенше жағдайға байланысты облыс аумағында барлығы 453 еріктінің тізімі жасақталып, нақты жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы аумағында карантин режимі енгізілуіне байланысты облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының жанынан «Әулиеата жастары» волонтерлік штабы құрылған болатын. Штабтың негізгі мақсаты – қиын-қыстау кезеңде облыс тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсету. Қазіргі таңда штабта барлығы 110 волонтер қызмет атқаруда. Барлық штаб жеке автокөлікпен қамтамасыз етілген. Тараз қаласында 3 жеңіл автокөлік бар.

Сонымен қатар Жамбыл облысында төтенше жағдай кезіндегі жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру мақсатында облыстық штаб жанынан жедел әрекет ету орталығы құрылды. Аталмыш орталықта облыстық жастар ресурстық орталығының бір маманы бекітіліп, таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін облыс тұрғындарына волонтерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыруда.

Осы бағыттағы жұмыстар Тараз қаласы мен барлық аудандарда тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 12 сәуірі аралығында еріктілердің көмегімен 3 383 адамға азық-түлік қораптары, 331 адамға дәрі-дәрмек жеткізіліп берілсе, 224 жалғызілікті қариялардың тұрғын үйлеріне шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетілді. Сондай-ақ 514 қарияға (65 жастар асқан) зейнетақысы мен жәрдемақысы үйлеріне жеткізіліп берілді. Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері облысымызда тұрғындарға 52 285 бетперде тегін таратылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

андарда тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 12 сәуірі аралығында еріктілердің көмегімен 3 383 адамға азық-түлік қораптары, 331 адамға дәрі-дәрмек жеткізіліп берілсе, 224 жалғызілікті қариялардың тұрғын үйлеріне шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетілді. Сондай-ақ 514 қарияға (65 жастар асқан) зейнетақысы мен жәрдемақысы үйлеріне жеткізіліп берілді. Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері облысымызда тұрғындарға 52 285 бетперде тегін таратылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.