Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тарихқа саяхат

0 285

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай ардагерлер «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасы аясында Тараздың тарихи-мәдени орталықтарына экскурсия ұйымдастырды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Көш көлігі алдымен ежелгі Тараз қаласының тарихын толық бейнелейтін «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне бет түзеді. Зейнеткерлер ортағасырлық түркі мәдениетінің тарихы мен көрікті жерлердің куәсі болып, таза ауада серуен құрды. Содан кейін олар Әулиеата ескерткішіне барып, дұға оқыды.
– Экскурсияға 60-қа жуық ардагер қатысты. Тараздың тамыры тереңге тартқан тарихын танып, елі мен жеріне тағзым еткен қариялардың осынау ұйымдастырылған экскурсияға көңілдері толды. Қарттық жеңген тұста ел көріп, жер танудың да өз ерекшелігі бар. Шаһардағы жаңа нысандар, көздің жауын алған табиғат, тағылымы мол тарихи деректер қарттарды бейжай қалдырмады, – дейді Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова.
Ардагерлер сонымен қатар «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін, облыстық өлкетану мұражайын, көркемсурет галереясын, «Руханият және тарихтану» орталығын, сондай-ақ амфитеатрды аралады. Шығыс архитектурасы стиліндегі ғимараттар қасиетті қаланың ортағасырлық келбетін қалыптастырып тұрғандай. Бұл көрініс туристерге Афины кезеңінің ұлттық мәдени мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.