Құрметті Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз- метінің Жамбыл облысы бойынша департаменті – мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі маңызды міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Өйткені шекара шебін қорғау ел қауіпсіздігінің негізгі тірегі екені сөзсіз.
Осыған орай 2026-2027 оқу жылына Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институтына, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына, Түркия Республикасының жоғары әскери оқу орындарына, сондай-ақ Ұлттық ұлан академиясына оқуға қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған білім беру орындарына оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған және жасы 22-ден аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Отанымыздың қасиетті шебі мен бейбітшілігін, қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету ісіне атсалысайық!
Үміткерлерді қабылдау жұмыстары Тараз қаласы, Т. Әшімбаев көшесі, №1 мекенжайы бойынша күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытта жүзеге асырылады.
Қабылдау уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Байланыс телефондары:
8 (7262) 470-058 (ішкі нөмірі – 092);
сағат 18:00-ден кейін: 8 777 398 67 31.
Алдыңғы