Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда жылыту маусымы басталды

0 53

Тараз қаласы әкімінің 2026 жылғы 7 қазандағы №56-Ө «2026-2027 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы» өкіміне сәйкес, шаһардағы тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде, яғни 2026 жылғы 8 қазан сағат 00:00-ден бастап денсаулық сақтау, білім беру мекемелері және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылды. Ал екінші кезең 12 қазан сағат 00:00-ден басталып, бес күнтізбелік күн ішінде қаладағы 1 439 көппәтерлі тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Осыған байланысты тұрғын үйлерді басқару органдарынан, ПИК және МИБ бірлестіктерінен үйлерді жылуды қабылдауға алдын ала дайындауды қамтамасыз етуді сұраймыз! Атап айтқанда, жылу пунктерін іске қосуға дайындап, үй ішіндегі жылу инфрақұрылымының, оның ішінде таратушы желілер мен тік құбырлардың жағдайын тексеру қажет. Сонымен қатар ысырмалар мен вентильдердің бар-жоғын, жинақталуын және жарамдылығын бақылап, жылу желілері мамандарының элеваторлық тораптарға уақтылы әрі кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды.
Жылумен жабдықтауға қатысты мәселелер туындаған жағдайда тұрғындар «Таразтрансэнерго» МКК-ның тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметіне 34-37-28 нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жамбыл-Жылу» МКК-ның тәулік бойы диспетчерлік қызметіне 34-43-28 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Тараз қаласы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.