Тараз қаласында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысшыларының күшімен қала аумағындағы көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазаланып, жиналған қоқыс шығарылуда. Сонымен қатар тазалық талаптарының сақталуына бақылау күшейтіліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Қала аумағының тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалғасуда. Тұрақты ұйымдастырылатын сенбіліктерге тұрғындар, еңбек ұжымдары, жастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып жүр. Мәселен, өткен жылы акция аясындағы іс-шараларға 100 мыңға жуық адам қатысып, қала аумағынан 6 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Тазалық пен көгалдандыру – тек арнайы қызметтердің ғана емес, барша тұрғынның ортақ міндеті. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, жасыл желекті күтіп-баптау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау арқылы әр азамат қаланың көркеюіне өз үлесін қоса алады.
«JT»-ақпарат