Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жылыту маусымына дайындық жүйелі

0 73

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымына дайындық бойынша штаб отырысы өтті.

Жиын барысында қала әкімдігі тұрғын жай коммуналдық-шаруа- шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміні басшысы Ғабит Алтаев жауапты кезеңге әзірлік жұмыстарының барысы туралы баяндады.
– 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және оны өткізу туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес, жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындардың, әлеуметтік нысандардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы толығымен қамтамасыз етілді. Барлық мекемеге дайындық паспорттары берілді.
Сонымен қатар жылу желілеріне гидравликалық сығымдау жүргізіліп, анықталған 76 ақау уақтылы қалпына келтірілді. Жылу желілерін жаңғырту бойынша 5 жоба жүзеге асырылып, 15,5 шақырым құбыр ауыстырылды. Құрылыс жүрген аумақтарды абаттандыру жұмыстарын 10 қазанға дейін толық аяқтау көзделіп отыр.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның ақпараты бойынша, шаһар аумағында газдандырылмаған 1 919 жеке үй бар. Осыған байланысты қала тұрғындарының биылғы жылыту маусымы кезеңінде тұтынатын көмір көлемі 9 595 тоннаны құрайды. Бүгінде қатты отынның қоры жеткілікті, – деді Ғабит Серғазыұлы.
Келесі кезекте білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жылыту кезеңіне дайындығы бойынша сала басшыларының есептері тыңдалды.
Жан-жақты жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, қазіргі уақытта қаладағы әлеуметтік нысандардың, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының ішкі ауа температурасы (оқу бөлмелері, палаталарда) 23-24°С деңгейінде сақталуда. Ал «Қазгидромет» мәліметі бойынша шаһардағы ауаның орташа температурасы 12°С-ты құрап отыр. Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес, ғимараттарда жылыту маусымын бастау үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы қатарынан бес күн бойы +8-10°С болуы қажет. Осыған байланысты қазіргі ауа райы жылу беруді бастауға негіз болып отырған жоқ. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, алдағы бес күнде мониторинг жұмыстары тағы да жалғасады. Оның қорытындысы бойынша кезекті штаб отырысы 9 қазанға белгіленді.
Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы жылу өндіруші кәсіпорындардың жылыту маусымына әзірлік жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуын және жауапты кезеңдегі ахуалды тұрақты бақылауда ұстауды тапсыр- ды.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.