Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сот залынан

0 67

Сөмкесіндегі патрон үшін айыппұл салынды

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты оқ-дәріні заңсыз сақтау фактісі бойынша Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты істі қарады.

2026 жылдың тамыз айында О. есімді азаматша Шымкент әуежайы- нан «Шымкент-Жезқазған» бағыты бойынша ұшуды жоспарлаған. Тексеру аймағынан өту барысында қыз- меткерлер оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патронды тапқан.
Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.
Сотта азаматша О. өз кінәсін мойындап, патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және оның сөмкесінде қайдан пайда болғанын білмейтінін түсіндірді.
Криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, патрон зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.
ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Сот кінәсін мойындауды, өкініш білдіруді, бірінші рет құқық бұзушылық жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтты.
Сот қаулысымен О. ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Тәркіленген патрон жойы- луға жатады.

Бөтен мүлікті бүлдіргені үшін қамаққа алынды

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша Ю. есімді азаматқа қатысты істі қарады.

2026 жылдың қыркүйегінде сағат 09:00 шамасында азамат Ю. жәбірленушінің үйіне жөндеуді қашан аяқтай алатынын білу үшін келеді. Бұрын Ю. шарт бойынша жәбірленушінің қызының үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген. Ешкім оған есікті ашпағандықтан, ол қақпаны бірнеше рет тепкілеп, өткір затпен сызаттар қалдырған. Осылайша Ю. өзінің іс-әрекетімен жәбірленушінің мүлкіне қасақана зиян келтірген.
Кінә хаттамамен, бақылау камерасындағы бейнежазбалармен, зақымдалған қақпалардың фотосуреттерімен және тараптардың айғақтарымен дәлелденген. Ю. өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеуге дайын екенін айтты.
Жәбірленуші қақпаның құны 80 мың теңге екенін, залал өтелмегенін айтып, қатаң жаза тағайындауды сұрады.
ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды не 5-тен 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысымен Ю. ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Жұмыстан шығарылған қызметкердің құқықтары қорғалды

Тараз қалалық соты түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкерінің жұмыс берушіге жұмыстан шығаруды заңсыз деп тану, лауазымын қалпына келтіру және өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Хаттарды жеткізу және тасымалдау инспекторы болып жұмыс істеген Ж. есімді азаматша 2025 жылдың мамыр айында жұмысқа келмеді деген себеппен жұмыстан шығарылған. Талап қоюшы мекеме басшылығының әрекеттерімен келіспей, оның жұмыста болмауы дәлелді себеппен, яғни ауруханада болудан туындағанын көрсетіп, сотқа өз құқықтарын қорғау үшін жүгінген.
Сот жауапкердің қызметкердің жұмыста болмау себептерінің дәлелсіз екендігі туралы уәждерін толығымен жоққа шығарды.
Сот шешімімен жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Азаматша Ж. бұрынғы лауазымына қайта орналас- тырылды. Сондай-ақ мекемеден талап қоюшының пайдасына мәжбүрлі жұмыста болмаған уақыты үшін жалақысы және келтірілген моральдық зиянның өтемақысы өндіріліп, жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.