Жеткіншектер жігерін жаныған жобалар
«Жас сақшы» сыныбы мен «Болашақ прокурорлар» клубының қадамы қарышты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады», – деп, елімізде заң мен тәртіп үстем болғанда ғана барлық жағынан қарқынды даму жүзеге асатынын айтқан еді.
Заң талаптарын сақтап, құқықтық тұрғыда сауатты халық қалыптастыру үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару қажет. Осыған орай елімізде жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың құқықтық сауатын арттыру және қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Нәтижесінде білім беру ұйымдары тек академиялық білім беретін орын емес, заң үстемдігі мен тәртіп мәдениетін қалыптас- тыратын әлеуметтік институтқа айналды. Жеткіншектерге «Заң және тәртіп» құндылығы – құрғақ тыйымдар жиынтығы емес, білім беру ортасының қауіпсіздігі, ашықтығы және әділдігінің кепілі екенін үйрету міндеті қойылды. Бұл мақсатта еліміздің білім беру жүйе- сінде түрлі әскери-патриоттық жобалар қолға алынды. Солардың бірі – «Жас сақшы» сыныптары мен «Болашақ прокурорлар» клубтары.
«Жас сақшы» сыныптарының пайда болуы тәуелсіз Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің дамуы мен жастар тәрбиесіне жаңа көзқарастың қалыптасуымен тығыз байланысты. 2000-шы жылдардың ортасында Ішкі істер органдары мен білім беру саласының бірлескен бастамалары нәтижесінде алғашқы арнайы сыныптар ашыла бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – мектеп қабырғасынан бастап болашақ тәртіп сақшыларын тәрбиелеу, жастарды заңды құрметтеуге үйрету және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Алғашында жекелеген аймақтарда пилоттық жоба ретінде іске қосылған «Жас сақшы» сыныптары уақыт өте келе өзінің тиімділігін дәлелдеп, республика көлемінде кеңінен тарала бастады. Жобаға деген қызығушылықтың артуы оның тәрбиелік және әлеуметтік маңызының жоғары екенін көрсетті.
2010 жылдардан бастап «Жас сақшы» қозғалысы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміздің көптеген облысында полиция департаменттері мен мектептер арасында тығыз байланыс орнатылып, арнайы оқу бағдарламалары енгізілді. Оқушылар тек жалпы біліммен шектелмей, құқық негіздері, алғашқы әскери дайындық, саптық жаттығулар және өзін-өзі қорғау элементтерін меңгере бастады. Сынып оқушылары арнайы форма киіп, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге ұмтылды. Сонымен қатар олар түрлі патриоттық акцияға, қоғамдық шараларға және байқауларға белсенді қатысуда.
Биылғы оқу жылында Тараз қаласының 18 мектебінде «Жас сақшы» полиция сыныптары мен «Болашақ прокурорлар» клубы жұмыс істеуде. Онда 400-ден аса оқушы заң мен құқықтық сауаттылықтың негіздерін үйреніп жатыр. Сабақ барысында жеткіншектер құқық қорғау органдарының қызметімен танысып, заңдылық пен тәртіпті сақтаудың маңызын меңгеруде.
– «Жас сақшы» сыныптарының басты ерекшелігі – жан-жақты тәрбие беру. Мұнда оқушылар Отанға деген сүйіспеншілікті терең сезінеді, заң мен тәртіптің маңызын түсінеді. Сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілігін ұғынады, көшбасшылық және тәртіп дағдыларын қалыптас- тырады. Бұл сыныптар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдас- тырып қана қоймай, оларды теріс әрекеттерден сақтандыруда да маңыз- ды рөл атқарады. Бүгінде «Жас сақшы» сыныптары Қазақстанның көптеген өңірінде табысты жұмыс істеп келеді. Жоба аясында тәрбиеленген түлектердің бір бөлігі болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді таңдайды. Бұл өз кезегінде кадрлық резервті қалыптастыруға да зор ықпал етеді.
Алдағы уақытта «Жас сақшы» қозғалысын одан әрі дамыту, оның мазмұнын жаңғырту және заманауи талаптарға сай жетілдіру жоспарланып отыр. Цифрлық технологияларды енгізу, психологиялық дайындықты күшейту және халықаралық тәжірибемен алмасу – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болмақ, – дейді тәртіп сақшылары.
«Жас сақшы» полиция сыныптары мен «Болашақ прокурорлар» клубының мүшелері түрлі танымдық кездесулерге, семинарларға, тәжірибелік сабақтарға және тәрбие- лік, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Оқушылар құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүздесіп, олардың күнделікті жұмысының ерекшеліктерімен танысады, заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызын терең түсінеді.
Жоба аясында білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған дәрістер, пікірталастар, байқаулар мен акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық сезімін нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
– Тараз қаласында «Жас сақшы» полиция сыныптары кезең-кезеңімен ашылып келеді. Бұл сыныптың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру, сондай-ақ тәртіп пен жауапкершілікке баулумен қатар, болашақта ішкі істер саласында жұмыс істеуге қызығушылықтарын ояту.
Балалардың бойында заңға құрмет, Антқа берік болуды осы бастан үйрету – білім саласы мен полиция органдарының басты мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстар білім саласының барлық мектептерінде жалғасын таба бермек. «Жас сақшы» – жас ұрпақты заң мен тәртіпті құрметтеу- ге тәрбиелейтін, олардың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыратын маңызды алаң. Жоба түлектерінің бір бөлігі болашақта құқық қорғау саласын таңдауы оның өміршеңдігін айқындай түседі. Демек, «Жас сақшы» сыныптары – тек білім беру жобасы ғана емес, ел ертеңі саналатын жастарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама. Мұнда тәрбиеленген жас ұрпақ тәртіпті, білімді, отансүйгіш азамат ретінде қалыптасып, қоғам дамуына өз үлесін қосары анық, – дейді Тараз қалалық білім бөлімінің мамандары.
«Жас сақшы» полиция сыныптары мен «Болашақ прокурорлар» клубының жұмысы оқушылардың құқық саласына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдарын айқындауға да ықпал етуде. Клуб мүшелері құқықтық тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сот процестерінің үлгілік көріністеріне қатысып, заңгерлік мамандықтардың қыр-сырымен танысуда.
Аталған жобалардың нәтижесінде білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында оң өзгерістер байқалуда. Ең бастысы – оқушылар заңды құрметтейтін, әділеттілікті жоғары бағалайтын және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат ретінде қалыптасуда.
Айта кетер жайт, республика бойынша ең алғаш Тараз қаласында білім бөлімі мен полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Жас сақшы» форумы өткізілді. Ауқымды шараға еліміздің 19 өңірінен келген «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысты. Тағылымды жиынның жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру және полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар форумда жас сақшылар өзара тәжірибе алмасып, құқықтық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ алғаш рет Тараз қаласында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған «Жас сақшы» полиция сыныптарының қалалық слеті ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қаладағы 15 мектептен 300-ден астам оқушы қатысып, өзара білім, тәртіп және шеберлік бойынша бақ сынасты. Жас сақшылардың құқықтық білімдері мен физикалық дайындығын шыңдау- ға бағытталған шара білім бөлімінің бастамасымен облыс көлемінде ең алғаш боп өтіп, оң тәжірибе ретінде келесі жылы облыс көлемінде өткізу жоспарланды.
Алдағы уақытта «Жас сақшы» полиция сыныптары мен «Болашақ прокурорлар» клубының жұмысын одан әрі кеңейту, қамтылатын оқушылар санын арттыру және құқықтық тәрбие беру бағытындағы үздік тәжірибелерді тарату жоспарлануда. Бұл жұмыстар өскелең ұрпақтың бойында заң мен тәртіп құндылықтарын орнықтырып, қауіпсіз әрі жауапты қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.
«Жас сақшы» сыныптары – жай ғана білім беру жобасы емес, бұл – ел ертеңін қалыптастыратын тағылымды мектеп. Осындай ортада тәрбиеленген жас буын тәртіп пен жауапкершілікті ту етіп, білім мен парасатты серік қылады. Олардың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік маздап, бойында азаматтық рух беки түседі. Ертеңгі күннің тірегі болар бұл жас сақшылар ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.
Еркін САЙЫН