Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Медициналық ұйым қызметкерлеріне жаңа заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0 21

2026 жылғы 23 шілдеде Тараз қаласындағы №5 қалалық емхананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б. Кенжекуловтың қатысуымен медициналық ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔷 Түсіндіру барысында «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндіріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, заң талаптарын бірізді қолдану және тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

🔷 Іс-шараға Тараз қаласындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін және стационарлық медициналық ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысты. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жаңа заң нормаларын іс жүзінде қолдану бойынша жан-жақты түсіндірулер берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.