ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Копдикбаев Меркі ауданының мемлекеттік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілер заңына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔷Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы М.Асанов ҚР Конституция заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
🔷Кездесу барысында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптары, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктігін жетілдіру, қоғаммен ашық байланыс орнату мәселелері, тәртіп, әдеп қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
🔷Сондай-ақ, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.