Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңа заң нормаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0 23

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас мамандары Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Шу-Талас бассейндік су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау инспекциясының қызметкерлерімен «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» заңның жаңа нормаларын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

🟢 Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметтерді цифрландыру, осы салаға қатысты заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары туралы ақпарат берілді.

🔰 Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.