Сыбайлас жемқорлық – еліміздің тұрақты дамуына, қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалына және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері әсер ететін келеңсіз құбылыстардың бірі. Сондықтан оның алдын алу, құқықбұзушылықтарға жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұтас қоғамның ортақ міндеті десек, артық емес.
Бұл бағытта Тараз қаласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осыған орай, биыл сыбайластықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізу, жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу, жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатымен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз- мет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасымен бірлесе профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған жоспарға сәйкес, 22 іс-шара және жоспардан тыс 27 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 25 «дөңгелек үстел» отырысы, 6 ақпараттық материалдар тарату акциясы, 1 интеллектуалдық ойын, 17 кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараларға 2 800-ге жуық қала тұрғыны қамтылды.
Аталған жұмыстардың негізгі өзегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға бағыну мен адалдық құндылықтарын орнықтыру екені белгілі. Өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бір ғана мемлекеттік органның жұмысымен қалыптаспайды, керісінше отбасынан бастап білім беру ұйымдарына, еңбек ұжымдарына және жалпы қоғамдық ортаға дейінгі кең ауқымды қамтиды.
Қазіргі таңда қала аумағында жемқорлық сипаттарын болдырмауды насихаттауға бағытталған ақпараттық жұмыстарға да айрықша мән берілуде. Осы бағытта «Jambyl», «77 ТВ», «Taraz24» телеарналарында 18 сюжет көрсетіліп, әлеуметтік желілерде 33 жазба, «Jambyl-Taraz» газетінде 8 мақала жарияланды. Сонымен қатар қаланың орталық көшелеріне 6х3 метр өлшемінде 9 баннер орналастырылған. Ақпараттық насихат жұмыстары тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қатыс- ты құқықтық түсінігін кеңейтіп қана қоймай, заңсыз әрекеттерге бейжай қарамауға, өз құқықтарын қорғауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған.
Қоғамдық кеңістікте де адалдық пен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Астана» шағынауданы мен Төле би даңғылы бойындағы «Арай плаза» бизнес орталығы маңында екі мурал салынды. Сонымен қатар қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлемді қолдаймыз», «Өз елінің патриоты, жемқорлыққа жол берме», «Сыбайлас жемқорлық – арам ақша арқылы таралатын індет» мазмұнындағы жадынамалар және 1424 сенім телефоны жайлы ақпарат ілініп, арыз-шағымдар жәшіктері орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тағы бір маңызды бағыты – тәуекелдерді анықтау және олардың пайда болуына жол бермеу. Осыған байланысты 2026 жылғы 26 наурызда бекітілген кестеге сәйкес, қаладағы 2 аудан әкімдері, 14 бөлім мен 4 квазимемлекеттік сектор субъектілері – «Жасыл Ел-Тараз», «Тұрғын үй жөндеу-Тараз», «Таразтрансэнерго» мен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес, осы жылдың 2, 3-тоқсандарында 12 мекемеде тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 8 мекемедегі жұмыстар толық аяқталды. Ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған. Ал «Жамбыл Су» мекемесі мен қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуіне байланысты, биыл ішкі талдау жүзеге асырылған жоқ. Сонымен қатар «Жамбыл Су» және «Жасыл Ел-Тараз» мекемелерінде ұйымдастырушылық құрылымның өзгеруіне байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- офицерінің барлық функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері Ішкі бақылау қызметіне жүктеліп, іс-қимыл жұмыстары толық көлемде сақталды. Тағы бір айта кетерлігі, қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында да сыбайлас жемқорлық картограммасы тұрақты түрде жүргізіліп, өзектендіріліп отырады.
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың да өзіндік орны бар екені белгілі. Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде байқау жарияланып, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Келісім шарт соммасы 1 551 724 теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік тапсырыс аясындағы жоспарға сәйкес 11 іс-шара өткізілсе, оның ішінде 7 кездесу, 1 постер байқауы, 1 пікір сайыс турнирі, 2 квест ұйымдастырылып, аталған шараларға 1 200-ге жуық қала тұрғындары атсалысты. Мұндай іс-шаралар, әсіресе, жастардың сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсінігін кеңейтіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.
Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және қоғам сенімін нығайту. Осы бағытта 2026 жылдың өткен кезеңінде Тараз қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар профилактикалық және түсіндіру жұмыс- тары жүргізілді. Айталық, есепті мерзімде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру, құқықтық сауаттылығын күшейту және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатымен тұрақты түрде кездесулер, дәріс- тер, семинарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жалпы саны 472 консультативтік көмек көрсетіліп, оның 425-і мемлекеттік қызметшілерге берілді. Сонымен қатар бөлімдер мен аудандарда 15 көшпелі кездесу өткізілді. Бұған қоса мемлекеттік қыз- мет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды түсіндіру бағытында 115-тен астам іс-шара ұйымдас- тырылып, 81 дәріс пен семинар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы да профилактикалық материалдар тұрақты жарияланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатымен 201 мемлекеттік қызметшінің қатысуымен сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қатысушылардың 100 пайызы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға қанағаттанатынын және басшылық тарапынан іскерлік қарым-қатынас қалыптасқанын көрсетті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілер арасында командалық жарыстар өткізілді. Сонымен қатар жұмыс уақытын тиімді пайдалану және артық үстеме жұмыстарға жол бермеу мақсатымен мониторинг жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделін арттыруда өз ісіне жауапкершілікпен қарап, халық игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген қызметшілердің еңбегін бағалау ерекше маңызға ие. Сондықтан кәсібилігімен, іскерлігімен және мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды ынталандыруға да басымдық беріліп келеді. Осы мақсатпен 45 мемлекеттік қызметші түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, 4 әріптесіміз «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақса, 36 мемлекеттік қызметші облыс және қала әкімдерінің Алғыс хаттарына ие болды. Бұдан бөлек, 5 маманның ата-аналарына марапаттар табысталды.
Қоғам дерті – жемқорлықпен күрестің алдын алу бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы артып, әдеп нормаларын сақтау деңгейі тұрақталды. Есепті кезеңде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Әлбетте, сыбайлас жемқорлықпен күрес – бір күндік немесе бір ғана мемлекеттік органның аясында жүзеге асатын жұмыс емес. Ол қоғамның әр мүшесінен жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды талап етеді. Сондықтан жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру бағытындағы ілкімді істер үздіксіз жалғаса береді.
Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі