Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде.
Осыған орай №51 сайлау учаскесінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құрылған «Ғұмыр дария» ардагерлер ансамблінің мүшелері жергілікті тұрғындарды сайлау күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізуде.
Ардагерлердің әсем әндері сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, маңызды саяси науқанның мән-маңызын айшықтай түсті.
Ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға келген әрбір азаматқа сәттілік тілейміз!