Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Құрылтай сайлауы – елдік пен бірліктің белгісі

0 27

Бүгін – халқымыздың тарихи жадында айрықша орны бар, елдік пен бірліктің мәнін айшықтайтын Құрылтай күні.

Қазақ тарихында Құрылтай ел тағдырын талқылап, маңызды шешімдер қабылданған, жұртты ортақ мақсатқа ұйыстырған қасиетті дәстүр ретінде ерекше орын алады. Бүгінгі күн – сол тарихи сабақтастықты сезініп, ел болашағына деген жауапкершілікті нығайтатын маңызды күн.

Осы айтулы күні «Қазфосфат» ЖШС ұжымы да өз таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысты. Кәсіпорын қызметкерлері азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Бірлік бар жерде – береке бар.
Ортақ таңдау – жарқын болашаққа бастар қадам!

Құрылтай күні құтты болсын! Еліміздің іргесі берік, ынтымағымыз баянды болғай!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.