Тараз қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасауға ниетті тұрғындардың қатары сәт санап артып келеді.
Таңсәріден бастап қала тұрғындары өздеріне тиесілі сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайлардың барлығы жасалып, сайлау процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.
Қала тұрғындарының белсенділігі – елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылықтың және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір сайлаушының дауысы ел болашағын айқындауға бағытталған маңызды таңдау екені сөзсіз.