Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қала бюджетіне өзгерістер енгізілді

0 53

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихаты кезектен тыс 42-сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.

Басқосуда әуелі Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгеріс- тер енгізу жөнінде қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасады.
– Кезекті бюджетті нақтылау барысында облыстық бюджет есебінен жалпы 1 795,7 миллион теңге сомасында бірқатар трансферт қарастырылды. Оның ішінде Таразда кәрізді ағын суларды тазарту қондырғысының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге – 474,7 миллион теңге, Жамбыл даңғылы, Д.Қонаев, С.Сейфуллин көшелері бойындағы «М-3» жылу магис- тралін реконструкциялау жобасын облыстық есебінен қосымша қаржыландыруға – 79,4 миллион теңге, «Самал» шағынауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта жаңғырту жобасын қосымша қаржыландыруға 861,6 миллион теңге нақтыланды. Сонымен бірге қаладағы 85 көшенің жарықтандыру жұмыстарынан 54 089,2 миллион теңге кемітіліп, бұл қаражат бюджеттік бағдарламалар арасында ішкі жылжыту арқылы «Новоджамбулец» саяжайының көше жарығын жүргізу жұмыстарына бағытталады, – деді Жандос Илиясбекұлы.
Келесі кезекте күн тәртібіне шығарылған «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17-6 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу және Әулиеата мен Жібек жолы аудандарындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құрамын бекіту мәселелері жан-жақты қаралды.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.