Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Белсенді жастар – құрмет құшағында

0 57

Халықаралық жастар күніне орай Тұңғыш Президент саябағында «Jastar Fest-2026» атты мерекелік кеш өтті. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, жылы лебізін білдірді.

– Жастардың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда қалыптасуына, шығармашылық және қоғамдық әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау – мемлекетіміздегі маңызды міндеттердің бірі.
Бүгінде қала жастарының еңбек етуіне, кәсіп бастап, спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін түрлі жобалар мен бастамалар жүзеге асып жатыр. Оның ішінде жас буынның тың идеялары мен жаңа бастамаларына барлық мүмкіндік қарастырылған, – деген Бақытжан Әмірбекұлы белсенді жастарға қала әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сертификаттарды табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Тараз қаласы бойынша мансаптық орталық филиалы жұмыс берушілерді қолдау секторының маманы Айгерім Сейітқадырова, Жамбыл облыс- тық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нүркен Құрбанов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ернар Жылысбаев, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениеті үйі әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Байжан Әбенов, қалалық Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі мамандары – Нұрзат Амангелді, Еркебұлан Спабек, Лиана Сабыр және «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экология- лық акцияларына белсене қатысып, қала тазалығына елеулі үлес қосып жүрген Саяхат Ибрагим, Дарын Рысбай пен Матвей Пеньков арнайы марапаттарға ие болды.
Кеш соңы танымал өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.