Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе білім беру ұйымдарының маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Осы бағыттағы жұмыстар Тараз қаласында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда жалпы білім беру мекемелеріне жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде жол таңбаларын салу және жаңарту жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Аталған жұмыстар аясында Әйтеке би көшесінде орналасқан №8 мектеп-гимназия маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды. Сонымен қатар Қазыбек би көшесіндегі №13 мектеп жанында, «Қызыл Жұлдыз» тұрғын алқабындағы Н. Ақшабаев атындағы мектептің маңында жол таңбалары қайта сызылып, олардың көріну сапасы жақсартылды.
Бұдан бөлек, «Бәйтерек» (13) шағынауданындағы №66 мектеп пен №3 мектеп-лицейдің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне де жаңа жол таңбалары салынды. Сондай-ақ Жалаири көшесіндегі №7 гимназияның маңындағы жол таңбалары толықтай жаңартылып, белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.
Тараз қаласының әкімдігі