Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы онлайн бюджеттік мониторинг модулін жүргізуде.
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалақыны көтеру бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдағы уақытта департамент «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйе- сінде тәуекелді төлемдерді қамтуды ұлғайтады.
Сондай-ақ Департамент Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, сондай-ақ жоғарыда аталған мекемелердің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан Респуб- ликасының заңнамаларын сақтау және бұзушылықтарға жол бермеу, жалақыны көтеру, сондай-ақ жеке ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу жөнінде бірнеше рет кеңестер өткізді.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті