Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың І жартысындағы жүргізілген іс-шараларының қорытындысы

0 64

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімде тиісті жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда, осы жылдың өткен кезеңінде департамент 10 аудиторлық шара жүргізді. Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 8 152,2 млн теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды. Оның 6 875,2 млн теңгесі – қаржылық бұзушылықтар болса, 5 741,8 млн теңгесі – бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар. Ал 1 277,0 мың теңгесі – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,6 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.
Департамент камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 17 501 рәсімінің 17 487-сін қамтыды. Оның аясында ұйымдастырушыға пенесе тапсырыс берушіге 1 592 хабарлама жолданды.

М.ЕГЕМБЕРДИЕВ,
Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.