Еліміз жаңа саяси кезеңге қадам басты. Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын, азаматтардың ел тағдырына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды тарихи оқиға. Бұл – қоғамның саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, халықтың үні мен мүддесін заң шығарушы билік арқылы жүзеге асыруға жол ашатын маңыз- ды қадам. Сондықтан алдағы саяси науқан – әрбір қазақстандық үшін зор жауапкершілік пен үлкен сенімнің көрінісі.
Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды тарихи кезең. Бұл саяси науқанның халық үшін атқарар рөлі мен маңызы ерекше. Ең алдымен, бұл – саяси жүйені жаңғыр- туға және халықтың еркін білдіруге бағытталған маңызды қадам. Сайлау нәтижесінде халықтың сеніміне ие болған депутаттар заң шығарушы биліктің жаңа құрамын қалыптастырып, елдің одан әрі тұрақты дамуына қызмет етеді.
Қазақ халқының тарихында «Құрылтай» ұғымы қашанда ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер шешілетін алқалы жиын ретінде танылған. Бүгінгі Құрылтай – сол тарихи дәстүрдің заманауи жалғасы. Ол ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңа мемлекеттік басқару жүйе- сін жетілдіруге бағытталған маңызды институтқа айналып отыр. Бұл науқан қоғамдағы түрлі көзқарастар мен ұсыныстарды тоғыстырып, халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқарады.
Қазіргі таңда еліміз маңызды тарихи кезеңдердің бірінде тұр. Алдағы Құрылтай сайлауы қоғамда, әсіресе, жастар арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Біз – жаһандану дәуірінің өкілдеріміз. Біз үшін Құрылтай – жай ғана саяси құрылым емес. Ол – ұлттың жаңа болмысын қалыптастыратын, жастар мен аға буын арасындағы сабақтастықты нығайтатын маңызды диалог алаңы.
Жас ұрпақ ретінде біз Құрылтайдан нақты шешімдер мен тың бастамалар күтеміз. Құрылтайда көтерілетін мәселелердің қатарында білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеру, заман талабына сай бәсекеге қабілетті білім жүйесін қалыптастыру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, ұлттық құндылықтар мен заманауи даму үрдістерін үйлестіру сияқты өзекті бағыттар бар. Сонымен қатар жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік баспалдақтардың ашықтығын қамтамасыз ету, жас мамандардың бастамаларын қолдау да басты назарда болуға тиіс.
Болашақ ұрпақ үшін таза, жасыл әрі қауіпсіз мемлекет қалыптастыру да – Құрылтайдың негізгі басымдықтарының бірі. Экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру – ел болашағы үшін маңызды міндеттер.
Құрылтайда көтерілетін мәселелер – біздің ертеңгі өміріміздің іргетасы. Сондықтан жастардың үні естіліп, олардың ұсыныстары ортақ шешімдердің бір бөлігіне айналса, біз жаңа Қазақстанның шынайы қозғаушы күшіне айналамыз. Елдің болашағы – бүгінгі қабылданған шешімдер мен әр азаматтың белсенділігіне тікелей байланысты.
Жарқын болашақты бірге құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Болашақ – бүгінгі біздің әрекетіміздің нәтижесі. Құрылтай – арманымыз- ды нақты істерге айналдыратын тетік. Алдағы Құрылтай сайлауы жаңа мүмкіндіктердің есігін ашып, еліміздің өркендеуіне тың серпін беретіні сөзсіз. Біз жауапкершілікті сезінеміз және мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Жаңашылдық пен ұлттық дәстүрді ұштастыра отырып, жарқын болашақты бірге құрамыз. Құрылтай – жастардың үміті, елдің болашағы!
Нұрай ЕСМАМБЕТОВА,
Қ.Тұрысов атындағы
№ 53 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы