Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекованың төрағалығымен қала әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Басқосуға кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне жоспарға сәйкес, әуелі Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева Тараз қаласындағы діни ахуал туралы баяндама жасады.
– Қалада құрамына тәжірибелі мамандар, теологтар, дінтанушылар, ардагерлер енген 5 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған жоспар аясында 150 кездесу ұйымдастырылып, 1 500-ге жуық адам қамтылды.
Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабы, 3-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюіне тыйым салынған болатын. Аталған Заң талаптарын бұзғаны үшін қала бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 434-3 бабына сәйкес 10 азаматқа шара қолданылды, – деген Гүлназ Есенғалиқызы әлеуметтік желілерде ақпараттық түсіндіру материалдарын тұрақты түрде жариялау жоспарлы жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Келесі кезекте Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк жаттықтырушылар мен спортшылар арасында радикалды діни идеологиялардың алдын алу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұйғарым қабылданып, тиісті мекемелер мен кеңес мүшелеріне таратылды.
Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ