Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажет

0 70

Әне-міне дегенше жаймашуақ жаздың бел ортасына да жеттік. Қазіргідей шілденің шіліңгір ыстығында қала тұрғындары су айдындарының жағалауында салқын самал іздеп, жан сауғалайтыны белгілі. Бұл балаларға қызық думанның белгісіндей болса, ересектерге бір сәт демалып, жұмыс аптасына жаңа күшпен кірісудің амалы.

Алайда мұндай сауық-сайранның соңы қайғылы жағдайлармен аяқталатын кездер аз емес. Сондықтан шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті барынша қатаң сақтаған жөн.
Бұл ретте Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарын, әсте, тоқтатқан емес. Мәселен, күні кеше Тараз қаласындағы демалыс аймақтарында төтеншеліктердің ұйымдастыруымен балаларды жүзудің бастапқы дағдыларына үйретуге және судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған оқыту іс-шарасы өтті.
Шара барысында құтқарушылар балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін және алғашқы көмек көрсету негіздерін түсіндірді. Теория- лық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға қатысып, құтқарушылардың жетекшілігімен жүзудің бастапқы дағдыларын меңгерді.
Мұндай шаралар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін арттыруға, олардың өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалып- тастыруға, сондай-ақ судағы қауіпсіз әрі белсенді демалыс мәдениетін насихаттауға ықпал етеді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.