Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға дайындық мәселелеріне арналған штабтың жұмыс отырысы өтті. Жиынға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков төрағалық етті.
Отырыс барысында қолданыс- тағы заңнама талаптарына сәйкес сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізуге қатысты негізгі ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі баяндаманы Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Уәлихан Байдуанов жасады. Ол қатысушыларды сайлауды ұйымдас- тыру тәртібімен, дайындық жұмыс- тарының қазіргі барысымен және белгіленген ұйымдастырушылық іс-шаралардың орындалу деңгейі- мен таныстырды.
Жиында сайлау учаскелерін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, резервтік электрмен жабдықтау көздерінің дайындығы, интернет және телекоммуникациялық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуі, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру, үгіт-насихат материалдарын орналастыру орындарын әзірлеу және сайлауды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге қажетті өзге де мәселелерге ерекше назар аударылды.
Штаб отырысын қорытындылаған қала әкімі жауапты құрылымдық бөлімшелер мен тиісті мекемелерге барлық дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтау- ды тапсырды. Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді үйлестіру, заңнама талаптарын қатаң сақтау және ұйымдастырушылық әзірліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету ашық, әділ әрі заң талаптарына сай сайлау өткізудің басты кепілі екені айтылды.
Құрбанәлі ШАХАБАЙ