Қала тұрғындарының назарына! Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды. Қызметтің көрсетілу мерзімі қажетті құжаттар топтамасын портал арқылы тапсыр- ған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі. Мемлекеттік қыз- мет көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.
А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік көрсетілетін
қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы