Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы № 2084 2026 жылғы 8 шілде
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33, 37-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысы, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Алтаевтың 2023 жылғы 4 тамыздағы №1684 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласының Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес Абай даңғылы арқылы өтпелі көпірдің және жаяу жүргіншілер өткелі құрылыстарын жүргізу және инженерлік желілерін жүргізу үшін Аширхан Орумбаевич Сулейменовтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Абай даңғылы, №246 А жайдағы үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0024 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-1265) жер учаскесімен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 – деп көрсетілсін.
3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2028 жылдың 1 шілдесіне дейін деп айқындалсын.
7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Д.Жаманбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі Б.Орынбеков