Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңарған үйлер шаһар шырайын ашады

0 70

Соңғы бірер жылдың бедерінде көне шаһар – Таразды көркейту бағытында ілкімді істер қолға алынып келеді. Бұл мәселе қаланы өркендетуге арналған даму жоспарында айқын көрініс тапқан. Аталған жұмыстар бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев те нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру аясында 2024 жылы Төле би даңғылы бойындағы 12 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Ал өткен жылы Абай даңғылы, Әйтеке би және Қазыбек би көшелеріндегі 15 тұрғын үйдің сырт келбеті жөнделіп, қала көркін арттыра түсті.
Биыл бұл жұмыстар Ы.Сүлейменов, Желтоқсан және Абай көшелерінде орналасқан тағы 9 көпқабатты тұрғын үйде жалғасуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде Тараз қаласы заманауи, көрікті әрі тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қалаға айналуда.
Айта кетейік, бүгінде Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1 103-інің пайдалануға берілгеніне 30 жылдан астам уақыт өткен. Осыған байланысты 2011-2025 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ қайтарымды қаражат есебінен 23,3 миллиард теңге бөлініп, 565 тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. Биыл тағы 73 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып, бұл мақсатқа бюджеттік өтінім ұсынылған.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.