Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Емханаға тіркелудің тәртібі қандай?

0 81

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты №5 қалалық емхана 2001 жылдың 6 тамызында құрылды. Осы жылдың тамызында кәсіпорынның қала тұрғындарына сапалы және тұрақты түрде қызмет көрсеткеніне 25 жыл толады.

Мекеме Рысбек батыр көшесі, №13 «А» мекенжайындағы жаңа жоба бойынша соғылған 4 қабатты ғимаратта орналасқан. Заманауи медициналық құрылғылармен және кеңсе техникасымен толық жабдықталған. Бүгінде емхана 70 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтаудың тәжірибелік базасы бойынша, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ең негізгі тарауды құрайтыны белгілі. Сондықтан №5 қалалық емхана әрбір тұлғаға, барлық отбасына барынша қолжетімді.
Кәсіпорынның жаңа бағыттағы заманауи іс-әрекеттері бойынша, емхана әкімшілігі өз қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін тұрақты түрде көтеруге көп көңіл бөлуде және өз дәстүрлерін бағалап үнемі инновациялар енгізуде.
Онлайн тіркелу (eGоv.kz арқылы):
Емхана ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі жоғары.
Емханаға тіркелу үшін ең оңай әрі жылдам жол – ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы Электрондық үкімет порталы (eGоv.kz) немесе eGоv Mobile мобильді қосымшасын пайдалану.
Емханаға барып тіркелу:
егер Сіз, ЭЦҚ пайдалана алмайтын санатқа жатсаңыз, тікелей емханаға барып тіркеле аласыз. Бұл мүмкіндік мына азаматтарға беріледі:
– зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар;
– мерзімді әскери қызметшілер және сотталғандар;
– басқа қаладан келген студенттер мен медресе шәкірттері;
– патронаттық тәрбиешілер немесе қамқоршылар.
Қандай жағдайларды ескеру керек?
– Тұрғылықты мекенжай: көбінесе тіркелу тұрғылықты немесе уақытша тіркеу (мекенжай) бойынша жүреді.
– Емхананы ауыстыру: Қазақстанда емхананы жылына 2 реттен артық еркін ауыстыруға рұқсат етілмейді (тіркеу орны ауысқан немесе емхана жабылған жағдайларды қоспағанда).
– Дәрігер таңдау: тіркелгеннен кейін Сізге бекітілген учаскелік дәрігеріңіздің аты-жөнін учаске нөмірін нақтылап алуды ұмытпаңыз.
Тіркелген жері бойынша емханада қандай медициналық көмек алуға болады?
Емханада ауруларды диагностикалау және емдеу, алдын алу, сауықтыру, иммундау, салауатты өмір салтын ұстану, актив, патронаж, созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық (диспансерлік) бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, отбасын жоспарлау, жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді бақылау бойынша медициналық қызметтер алуға болады.
Біз өзімізге бекітілген азаматтар үшін «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істей отырып, медициналық ұйымының сайтындағы «Бас дәрігердің блогы», сенім телефоны, мобильді қосымша (пациенттердің пікірлерінің мониторингі), «Дамумед» ақпараттық жүйесі, әлеуметтік желілер, Е-өтініш (азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы) арқылы ашық әрі қолжетімді қызмет көрсетеміз. Сонымен қатар емхананың 1-ші қабатында пациенттерді қолдау қызметінің «Open office» кабинеті орналасқан. Ол әртүрлі сипаттағы мәселелер бойынша халықтың өтініштерін қарайды.
Пациенттің құқықтары:
1.Паценттердің құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2.Профилактика, диагностика, емдеу процесіне лайықты емдеу, олардың мәдени және жеке құндылықтарын құрметтеуге.
3.Медициналық ұйымда дыбыс және бейнебақылау, сондай-ақ жазу жүргізіліп жатқаны туралы хабардар болуға құқылы.
4.Медициналық көмек пациенттің медициналық көмек алуға негізделген келісімін алғаннан кейін көрсетіледі.
Медициналық көмектен бас тарту құқықтары:
1) Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға құқылы.
2) Науқасқа немесе оның заңды өкіліне медициналық көмек көрсетуден бас тартқан кезде медициналық қызметкер науқасқа немесе оның заңды өкіліне қолжетімді нысанда ықтимал зардаптар туралы түсініктеме береді.
3) Медициналық көмек көрсетуден бас тарту ықтимал салдарын көрсете отырып, медициналық құжаттамада, оның ішінде электрондық форматта ресімделеді және пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмек көрсетуден бас тарту туралы құжатқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл туралы медициналық құжаттамаға, оның ішінде электрондық форматта тиісті жазба жасалады және оған медицина қызметкері қол қояды.
4) Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері осы адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан жағдайда медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

Динара САРСЕНОВА,
Тараз қалалық №5 емхананың бас дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.