Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова төрағалық етті.
Кеңес отырысында үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтас- тықты нығайту, азаматтық қоғам институттарын қолдау және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева баяндама жасап, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалу барысына тоқталды.
Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаева, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек күн тәртібіндегі сауалдарға жауап берді.
Отырыс барысында кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланысты одан әрі жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру және азаматтық қоғам институттарымен әріптестікті нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Тараз қаласының әкімдігі