Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Домбыра – ұлтымыздың ұлы мұрасы

0 43

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды халқымыздың төл өнері мен рухани мұрасының мерекесі – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізген баға жетпес қазынасы, ұлттық рухымыздың, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің мәңгілік символы. Қос ішектен төгілген ән мен күй халқымыздың тарихын, тағдырын, қуанышы мен қайғысын, азаттыққа деген аңсарын, елдік мұратын жеткізіп келеді. Сондықтан қара домбыраның әуезді үні әр қазақтың жүрегінен орын алып, туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген адалдықты, ұлтқа деген мақтаныш сезімін оятады.
Ұлттық домбыра күні – халқымыздың рухын асқақтататын, мәдени мұрамызды ұлықтайтын, ата-баба аманатына деген құрметімізді айшықтайтын ерекше мереке. Осындай құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға аманат ету – баршамыздың ортақ парызымыз.
Қадірлі жерлестер!
Бүгінгі мереке әр шаңыраққа шаттық пен береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін! Қос ішектің қоңыр үні ешқашан үзілмей, ғасырдан ғасырға жалғаса берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болғай!

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.