Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Азаттығымыздың алтын арқауы

0 67

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктері мен асқақ армандарының айқын көрінісі. Еліміздің бас қаласы аз ғана уақыттың ішінде әлем назарын аудартқан заманауи мегаполиске айналып, саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталық ретінде мемлекетіміздің дамуына тың серпін беріп келеді. Бүгінде Астана – бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен жасампаздықтың, жаңашылдық пен өркендеудің символы. Сондықтан бұл мереке барша отандасымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, бірлік пен татулықтың, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің қадірін терең сезінуге үндейді.
Бас қаланың өсіп-өркендеуі барлық аймақтың жаңғыруына жол ашты. Бұл тұрғыда Тараз қаласы да шет қалмай, дамудың даңғыл жолына қадам басты. Шаһарымызда әлеуметтік инфрақұрылым жаңарып, жаңа тұрғын үйлер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары бой көтеріп, жолдар жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда. Мұның барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйе- лі жұмыстардың нәтижесі екені белгілі.
Қадірлі жерлестер!
Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке мен молшылық тілеймін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры әрдайым биік болып, көк Туымыз көгімізде мәңгі желбіресін! Астанамыздың айбыны асқақтай берсін!

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.