Қала тұрғындарына сапалы әрі қауіпсіз қоғамдық көлік қызметін ұсыну мақсатымен қалалық жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйі мен қызмет көрсету сапасына кешенді бақылау жүргізілуде. Осы бағытта құрылған арнайы жұмысшы топ қоғамдық көліктердің күнделікті жұмысқа дайындығын зерделеп, олардың белгіленген талаптарға толық сәйкес келуін қадағалауда.
Тексеру барысында автобустардың техникалық жағдайына ерекше назар аударылып, тежегіш жүйесі, жарықтандыру құрылғылары, есіктердің жұмыс істеуі, өрт қауіпсіздігі құралдарының болуы және өзге де қауіпсіздік талаптарының сақталуы мұқият тексеріледі. Сонымен қатар көліктердің ішкі және сыртқы санитарлық тазалығы, орындықтардың жай-күйі, салонның желдетілуі мен жалпы эстетикалық көрінісі де бақылаудан өткізілуде.
Жұмысшы топ жүргізушілердің қызмет көрсету мәдениетін де назардан тыс қалдыр- майды. Атап айтқанда, олардың жолаушылармен қарым-қатынасы, жол қозғалысы ережелерін сақтауы, бекітілген бағыт пен қозғалыс кестесін орындауы, сондай-ақ арнайы киім үлгісі мен еңбек тәртібін ұстануы сараланады.
Бұдан бөлек, қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесін сақтауына, аялдамаларға уақытылы келуіне және мүмкіндігі шектеу- лі азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың қамтамасыз етілуіне де ерекше көңіл бөлінуде.
Мұндай бақылау шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Оның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз, жайлы әрі сапалы қоғамдық көлік қызметін ұсыну, жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті күшейту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тараз қаласының әкімдігі