Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мектеп бітіру кешіне тыйым салу дұрыс па?

0 23

Соңғы уақытта 11-сынып оқушыларының бітіру кешіне қатысты жаңа шектеулер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл шешімнің басты мақсаты — артық шығын мен қауіпті жағдайлардың алдын алу. Алайда бұл жаңалыққа көптеген мектеп бітірушілер қарсы екенін білдіруде. Себебі, түлектер үшін мектеп бітіру кеші — он бір жылдық мектеп өмірінің соңғы әрі ұмытылмас сәті.

Осыған орай ата-аналар да екі тарапқа бөлініп отыр. Бір бөлігі баласының соңғы қоңырауы есте қаларлықтай кеш болғанын қаласа, енді бір бөлігі заң мен тәртіпті жақтауда. Әрине, екі тараптыңда ойын нақты шешімге келтіріп, дұрыс саралаған жөн. Он бір жыл бойы мектеп қабырғасында білім алған түлектер үшін бітіру кеші ерекше күн болып саналады. Сондықтан соңғы кезде мектеп бітіру кешіне шекту қойылуы көптеген оқушылардың көңіліне әсер етті.

Сонымен қатар бітіру кеші — жәй ғана мереке емес, мектеппен қоштасудың маңызды бөлігі. Ал қазіргі қойылып жатқан шектеу мен заңға бет бұрсақ, бір сәтке “бәлкім дұрыс шешім шығар” деп қаламыз, себебі кей кезде өзіміздің не қалайтынымызды ғана емес, заң мен қауіпсіздікті де ойлау керек. Ал осы қабылдынған заңның дәл қазір қызу талқыға түсуіне не себеп? Әрине, ол артық шығын және түлектердің жыл сайын қайталанып келе жатқан қауіпсіздік мәселелері. Бірақ осыған қарамастан екі жақтың да пікірін ескеру қажет. Себебі ең басты нәрсе — Заң және қауіпсіздік!

Нұржан Зарина

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.