Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаз-ата ауылының жігерлі жастары

0 81

Жастар – кез келген мемлекеттің стратегиялық ресурсы, қоғамның қозғаушы күші және елдің ертеңі. Сондықтан жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың білім алуына, еңбек етуіне, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік туғызу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Осы мақсатта Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспар аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мойынқұм ауданы бойынша жалпы халық саны 27 549 адамды құрайды. Оның ішінде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 6 943. Бұл – аудан халқының 25,2 пайызы. Оның ішінде 14-16 жас аралығындағы мектеп оқушыларының саны – 1 441.
Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №375 «Үстемақы белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлық жалақыларына 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап ай сайын ынталандырушы үстемақылар төленуде. Аталған үстемақы көлемі 30 пайыз болып белгіленген. Қазіргі таңда Жастар ресурстық орталығының штаттық бірлік саны 35 қызметкерден тұрады.
2026 жылға «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында маусымдық жұмыспен 110 жасты қамту мақсаты қойылған болатын. Сонымен қатар жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, лудомания мен бұзақылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары бойынша нысаналы индикаторлар белгіленіп, бірінші тоқсан қорытындысында аудан облыс бойынша үшінші орынға тұрақтады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында 2026 жылдың наурыз айында 11 бағыт бойынша барлығы 97 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 684 адам қамтылды. Атап айтқанда, рухани-адамгершілік тәрбие беру бағыты бойынша 9 іс-шара өткізіліп, 144 адам қамтылды. Әскери-патриоттық бағытта 7 іс-шара ұйымдастырылып, оған 77 жас қатысты. Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 212 адамды қамтыған 7 іс-шара өткізілді. Мәдени-шығармашылық бағыттағы 6 іс-шараға 219 адам қатысты.
Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу бағыты бойынша 10 іс-шара өткізіліп, 174 адам қамтылса, діни сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдас- тырылған 11 іс-шараға 178 адам қатысты. Психологиялық-танымдық кеңес беру бағытында 9 іс-шара өткізіліп, 157 адам қамтылды. Жастарға кеңес беру бағытындағы 12 іс-шараға 202 адам қатысса, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында өткізілген 12 іс-шараға 162 адам тартылды. Этносаралық келісімді нығайту бағытында 6 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 адам қатысты. Ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген 8 іс-шараға 92 адам қамтылды.
Ауданда волонтерлық қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығы жанынан «Sunkar еріктілері» волонтерлық қозғалысы құрылып, оның құрамына 91 ерікті жас тіркелген. Волонтерлық жұмысты жандандыру мақсатында аудан және ауылдық округтерде 22 бағыт бойынша 28 іс-шара өткізіліп, оған 460 адам қатысты.
Атап айтқанда, медицинадағы волонтерлік қызмет бағыты бойынша 2 іс-шара өткізіліп, 15 адам қамтылды. Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған волонтерлық қызмет аясында 20 адам қатысқан 1 іс-шара ұйымдастырылды. Қарттар мен жалғызбасты азаматтарға көмек көрсету бағытында 6 іс-шара өткізіліп, 51 адам қамтылды. Спорттық және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 7 іс-шараға 212 адам қатысса, экологиялық волонтерлік бағытындағы 12 іс-шараға 162 адам тартылды.
Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды нығайту – маңызды бағыттардың бірі. 2026 жылдың сәуір айындағы АХАТ бөлімінің мәліметіне сәйкес, аудан бойынша 26 жас некеге тұрған болса, неке бұзу дерегі 1 жағдайды құрады.
Әскери-патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында 2026 жылы көктемгі шақырылым бойынша 30 жас әскер қатарына шақырылды. Ал көктемгі және күзгі шақырылымдар аясында әскерге жіберілетін жастар саны 10 адамды құрайды.
NEET санатындағы жастармен жұмыс тұрақты жүргізілуде. Аудандағы 6 943 жас- тың әлеуметтік портреті мен дерекқоры қалыптастырылған. «Е-Собес» бағдарламасы және «Отбасының цифрлық картасы» арқылы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бастапқыда 76 NEET санатындағы жас анықталып, базаға енгізілген болатын. Қазіргі таңда олардың саны 50-ге дейін азайды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Жастар ресурстық орталығы жыл басынан бері жастарды қолдау, қоғамдық белсенділікті арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында көптеген маңызды іс-шараларды жүзеге асырды. «Мейірімді Қазақстан» республикалық акциясы аясында ерекше қажеттілігі бар оқушыға ұялы телефон мен азық-түлік себеті табысталды.
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы аясында жастар акциялары ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілді. «Qorgan» жобасы арқылы қоғамдық орындардағы заңсыз граффити жазуларын өшіру акциясы өткізілді.
Қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райы кезінде жастардың бастамасымен «Тегін такси» және «Кел, шай ішейік» акциялары ұйымдастырылып, тұрғындарға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ашық диалог алаңы өткізіліп, оған прокуратура, полиция және білім саласының өкілдері қатысты.
Нашақорлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында «Қоғам сақшысы» жобасы аясында бірнеше мәрте түнгі рейд ұйымдастырылды.
Аудан жастарының рухани-мәдени дамуына да ерекше көңіл бөлінуде. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған аудандық оқулар, пікірсайыс турнирлері, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Open history of Жамбыл» іс-шарасы, ұлттық ойындар жарыстары мен түрлі мәдени кештер өткізілді.
Қасиетті Рамазан айында тұрғындарға су мен құрма таратылып, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Алғыс айту күні, Наурызнама онкүндігі аясындағы қайырымдылық акциялары, жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына сыйлық табыстау рәсімдері және әлеуметтік қолдау шаралары халықтың зор ықыласына ие болды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде бірнеше мәрте сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жастарды жұмыспен қамту бағытында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 105 бос жұмыс орны ұсынылды. Шараға 150-ге жуық жұмыссыз азамат қатысып, нәтижесінде 85 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар интернет алаяқтықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын алу бағытында кездесулер мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында екі айға созылған «MOIYNQUM CUP-2026» футзал лигасы өткізілді. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қорытындылай келе, Мойынқұм ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жүргізілуде. Жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың құқықтық, рухани және мәдени деңгейін көтеру, жұмыспен қамту, еріктілік қозғалысын дамыту және қоғамдық белсенділігін арттыру бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да жастардың
әлеуетін толық ашуға, олардың бастамаларын қолдауға және ауданның қоғамдық- саяси өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін жобалар мен бағдарламалар жүйелі түрде өз жалғасын табады.

Мәди КҮНТУ,
Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.