2025 жылы Әулиеата ауданына қарасты «Ақжол», «Мичуринец», «Қайнар», «Родничок» тұрғын алқаптарында ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталып, жобалар бойынша оң сараптама қорытындысы алынды.
Қазіргі таңда нысандарды мердігер мекемеден қабылдау және тұрғындарды абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ «Бектөбе» тұрғын алқабында 1 630 үйге ауыз су құбыры тартылып, 1 750 аула сапалы ауыз сумен қамтылды. Ал «Қызылшарық» тұрғын алқабындағы 260 аулаға ауыз су жүйесі жеткізілді.
Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес 12 көшедегі ауыз су құбырларын жаңарту көзделген. Сонымен қатар Рахмати, Ақша батыр және Қажымұқан көшелерінде жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын жаңа ауыз су құбыры тартылуда.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.