Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, ұлттық бірегейлігіміз бен еліміздің мәртебесін айшықтайтын қасиетті құндылықтар. Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұратының, азаттық жолындағы күресінің, бүгінгі жетістіктері мен жарқын болашаққа деген сенімінің символы.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Респуб- ликасының Мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітіліп, жас еліміздің жаңа тарихындағы маңызды кезең басталды. Содан бері көк байрағымыз әлемнің ең биік мінберлерінде желбіреп, Елтаңбамыз мемлекеттік институттардың беделі мен бірлігін бейнелеп келеді. Ал Әнұранымыз еліміздің әрбір азаматының жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілікті, Отанға деген адалдықты нығайтуда. Бүгінде Мемлекет басшысы айқындаған Әділетті Қазақстанды құру мақсатымен еліміз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсті. Осынау игі жолда Мемлекеттік рәміздеріміз халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, татулық пен ынтымақтың, жасампаздық пен жаңғырудың белгісі ретінде қызмет етуде. Сондықтан әрқайсымыз мемлекеттік нышандарымызды құрметтеп, олардың қадір-қасиетін ұлықтауды азаматтық парызымыз деп ұғына білуіміз керек.
Қадірлі жерлестер!
Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! Мемлекеттік рәміздеріміздің айбыны әрдайым асқақтай берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!
Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі