Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жанұялар жанды дауыста ән салды

0 65

Жамбыл ауданының орталығы – Аса ауылында Отбасы күні мерекесіне орай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ОтбасыStar» атты ән байқауы өткізілді. Оның ерекше тұсы сол, қатысушылар жанды дауыста, караокенің сүйемелдеуімен орындау шеберліктерін ортаға салды.

Байқау отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту және өнер арқылы отбасылық бірлікті арттыруға бағытталды. Сонымен қатар отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға баса назар аударылды.
Мерекелік шарада қазылар алқасы қатысушы 11 отбасының бір-біріне деген қолдауы, жастарға өнегелі тәрбие беру және қоғамда берекелі, ынтымақты отбасы моделін насихаттауына мән берді. Сонымен қатар бірлескен әрекет арқылы өзара түсіністік пен дайындық деңгейлері бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік шыққан отбасылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дип- ломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар өзге қатысушылар да арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жауғаш САСТАЙ,
Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.