Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты.
Келешек білім беру кешенінің іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен, «Сириус» федералдық аумақ кеңесінің төрағасы әрі «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге қалады.
«Қазақстан — Сириус» жобасы екі ел басшыларының уағдаластығына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Жоба аясында «Сириус» моделі бойынша Қазақстанның екі қаласында білім беру орталықтары ашылады. Астанамен қатар 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында да мектеп пен орталықтың іргетасы қаланған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты — дарынды балаларды қолдап, ғылым, технология және инновация салаларын терең меңгерген, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау.
Мамандардың айтуынша, жаңа білім беру орталықтары оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға және халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді.