Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев пен Путинге Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

0 22

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинне Амур жолбарыстарын Қазақстан аумағына жерсіндіру жобасы таныстырылды.

Мемлекет басшыларына көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті бейнеленген.

Мамандар жыртқыштарды бақылауда ұстау үшін оларды табиғи ортаға жіберер алдында арнайы жерсеріктік қарғыбаулар орнатқан.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары барысында Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық және оларды бастапқы бейімдеуден өткізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылған болатын.

Осы уағдаластықтарға сәйкес Ресей тарапы Қазақстанға төрт Амур жолбарысын берді.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдік биоалуантүрлілікті сақтауға елеулі үлес қоспақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.