Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет

0 67

Тараз қалалық №63 орта мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатымен құқықтық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес барысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген оқушылардың тәртібі қаралып, олар мектепішілік есепке алынды.

Жиын барысында мектепішілік есепке алынған оқушылардың ата-аналарына Қазақстан Республика- сы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар есепке алынған оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу мақсатымен арнайы жоспар құрылып, әр оқушыға тәлімгер бекітілді.
Мектеп ұжымы алдағы уақытта да оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Медет ДЖАНТЕЛИЕВ,
№63 орта мектептің директоры.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.